Тағы бір шенеунік қамауға алынды

284

Автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығының орынбасары сот санкциясымен қамауға алынды. Қаржы полициясының қызметкерлері оның үстінен қызметін асыра пайдаланды деген баппен қылмыстық іс қозғаған. Халықаралық дәліздің құрылысы барысында, қызметін асыра пайдаланған шенеуніктің ісі тергеліп жатыр.

параАнель Матиева, облыстық ЭСЖКД-ның баспасөз хатшысы: «Ол лауазымды тұлға бола тұра 2009 жылдың қазан айында  аталған мекеменің атынан Батыс Еуропа-Батыс Қытай мемлекеттік бағдарламасы негізінде қажетті болған 4,7 га жер телімін бір азаматшаның атына заңсыз  ақша аударған. Бюджеттен 51 млн. теңге қаражатын аудару арқылы 15 га жерін сұратып, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірген».