Универсиададағы алғашқы жеңімпаздар белгілі болды

282

Студенттер арасындағы универсиада аясында өткен бокс додасына 15 команда жиналыпты. Олардың арасында Шымкенттің жоғары оқу орындары да бар.

 Студенттер арасында үздік боксшылар анықталды
Студенттер арасында үздік боксшылар анықталды

Бұл ақтық кездесу. 69 келі салмақтағы алматылық спортшы Мадияр шешуші матчқа жақсы дайындықпен келген. Оны боксшының қиымылымен, қолғап түйістіруінен байқау қиын емес. Қарсыласын тоқпақтың астына алып, тез арада жеңіске жетуге тырысты. Мадиярдың қарсыласы да осал емес екенін байқатты. Екі раунда та тең түсіп, тек үшінші кездесуде оңтүстік астаналық қонақ алға шықты.

Нәтижесінде оңтүстікқазақстандықтар бес алтын медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орыннан көрінді. Оның үшеуі Мұхтар Ауезов атындағы жоғары оқу орнының еншісінде. Ал үшінші орынды тараздық студенттер қанағат етті.