Жүйке ауруымен ауыратындарға қару ұстауға рұқсат берілген

295
қару

Өлгендердің атына қару тіркелген. Бұдан сорақысы жүйке ауруымен ауыратындарға қаруды ұстап, сақтауға рұхсат берілген. Жаға ұстатар жәйттерді бүгін облыстық прокуратураның қызметкерлері жиында жайып салды.

қару
қару

Салғырттыққа ОҚО ІІД-нің мамандары жол берген. Қару сақтауға рұхсат алған 312 адамның тіпті тұрғылықты мекен-жайын әлдеқашан ауыстырып жібергені белгілі болды. Жиі тексеру жүргізудің орнына жайбасарлыққа салынып, жауапкершілікті сезінбеген құзырлы орган енді заң бұзушылыққа жол бергені үшін жауап беретін болады.

Ұлан Орманов, ОҚО прокуратурасының бөлім бастығы: «Осы анықталған заң бұзушылықтар бойынша облыстық прокуратурамен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атына ұсыныс әзірленіп, оны әрі қарай жолдау үшін еліміздің Бас прокуратурасына хат жолданды».