Облыс орталығының қысқа дайындық штабының отырысы төртінші рет өтті. Дегенмен, түбегейлі өзгерістер әзірге жоқ. Тек қаланың жаңа әкімі ретінде Д.Сатыбалды жылу қазандықтарының дайындығымен танысуда. Оның үстіне штаб отырысының негізгі кейіпкері болуға тиісті «3-Жылуорталығының» директоры кезекті еңбек демалысында. Алайда энергетиктер биыл жылу маусымына дайындық күшейе түседі деп отыр. Тұтынушылардың былтырғы талап-тілектері ескерілгендіктен жылудың сапасы артатының уәде етуде.