Үздік медицина қызметкерлері марапатталды

1070
Облыстық тері-венерологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары Шорина Сауле Николаевна

 

Кәсіби мерекеде марапатталғандар көп болды
Кәсіби мерекеде марапатталғандар көп болды

Маусым айының әр жексенбісі медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Өз мейрамдарын өңіріміздің де денсаулық сақтау мамандары атап өтті. Салтанатты жиын Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда өтті.

Ән күй, құрмет те, алғыс та бүгін ақ желекті абзал жандарға арналды. Жыл сайын 75 мың сәби дүниеге келетін өңіріміздің саулығын ойлаған медицина қызметкерлері бүгін кәсіби мерекесін атап өтуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Исмайлов Жұмағали Қазыбайұлы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Исмайлов Жұмағали Қазыбайұлы

Бүгінгі мерекені облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы жеткен жетістік пен қойған мақсаттарымен бөлісуден бастады. Ал тындырған іс жетерлік. Үш жыл ішінде облысымызда денсаулық саласында 184 нысан салынып,  материалдық техникалық базасын жаңартуға 9 млн теңге бөлініпті. 8 мыңға жуық сала қызметкері біліктілігін арттырса, 106 жас маман «дипломмен ауылға» аттанған.

Биыл алғаш рет өңірімізде бүйрек алмастыру отасы жасалынса, өткен жылы ашылған 2 инсульттік орталықтың көмегімен де өлім саны азайып отыр.

Кәсіби мереке күні облысымыздың денсаулық сақтау саласындағы үздіктерге алғыс хат, төс белгілер де табыс етілді. Солардың арасында Түркістан қалалық жедел жәрдем көрсету станциясының фельшері Аманқыз Таңжарықова да бар. 35 жылдық тәжірибесі бар Аманқыз бүгін ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі төсбелгісімен марапатталды.

Медицина қызметкерлері әлі де ана мен бала өлімін азайтып, халық саулығы үшін еңбегін аямақ емес.

Кәсіби мерекесі күні бірқатар медицина қызметкері облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың, «Нұр Отан»ХДП ОҚО алғыс хатымен марапатталды.

Арасында «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен ардақталғандар да болды:

Шымкент қалалық орталық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Әлжанова Мәрия Жалғасқызы
Шымкент қалалық орталық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Әлжанова Мәрия Жалғасқызы
"Қарабұлақ" Сайрам аудандық ауруханасының бас дәрігері Ырсалиев Нұрәлі Рахматалыұлы
«Қарабұлақ» Сайрам аудандық ауруханасының бас дәрігері Ырсалиев Нұрәлі Рахматалыұлы
Сарыағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері Ташенов Бекбосын Қожаұлы
Сарыағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері Ташенов Бекбосын Қожаұлы
"Тұр Ахмет и компания" ЖШС директоры Ахметов Дәурен Шәкірбайұлы
«Тұр Ахмет и компания» ЖШС директоры Ахметов Дәурен Шәкірбайұлы
Ел саулығын ойлаған ақ желекті жандар бүгін облыстық филармония залына жиналды
Ел саулығын ойлаған ақ желекті жандар бүгін облыстық филармония залына жиналды

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталғандар:

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы Иманалина Айгүл Жақыпқызы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы Иманалина Айгүл Жақыпқызы
№4 облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Үкібаева Лейла Елеуханқызы
№4 облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Үкібаева Лейла Елеуханқызы
Шардара аудандық орталық ауруханасының дәрігері Нұрмышев Жұмабек Қаныбекұлы
Шардара аудандық орталық ауруханасының дәрігері Нұрмышев Жұмабек Қаныбекұлы
Тқлеби аудандық орталық ауруханасының дәрігері Жалғасбаева Рабиға Жалғасбайқызы
Тқлеби аудандық орталық ауруханасының дәрігері Жалғасбаева Рабиға Жалғасбайқызы
Қазығұрт аудандық орталық емханасының дәрігері Қалибаев Абдуғали Теңгебайұлы
Қазығұрт аудандық орталық емханасының дәрігері Қалибаев Абдуғали Теңгебайұлы
Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету емханасының дәрігері Айтуов Қырғызбай Жанбарұлы
Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету емханасының дәрігері Айтуов Қырғызбай Жанбарұлы
Облыстық тері-венерологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары Шорина Сауле Николаевна
Облыстық тері-венерологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары Шорина Сауле Николаевна
Облыстық онкологиялық диспансерінің дәрігері Жітібаева Гүлбахрам Қожаққызы
Облыстық онкологиялық диспансерінің дәрігері Жітібаева Гүлбахрам Қожаққызы
"Ақсукент" Сайрам аудандық емханасы бас дәрігерінің орынбасары
«Ақсукент» Сайрам аудандық емханасы бас дәрігерінің орынбасары
Облыстық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Мамиров Алмас Мамырұлы
Облыстық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Мамиров Алмас Мамырұлы
Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Маханова Гүлхаят
Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Маханова Гүлхаят

Бқл күні 2013 жылдың үздіктері де анықталды. Сонымен,

«Ұздік дәрігер-терапевт»-№1 Шымкент қалалық емханасының бас дәрігері Шарипова Айгүл Меңглібайқызы атанса, «Үздік ауыл дәрігері» деп Түлкібас аудандық орталық ауруханасының дәрігер-неанотологы Қарақұлова Мейрамгүл танылды.

«Үздік дәрігер акушер-гинеколог» мәртебесіне №4 облыстық перинатальдық орталықтың бөлім меңгерушісі Дұйсенбаева Сәуле Сансызбайқызы лайықты деп табылса, 2013 жылдың «Үздік дәрігер педиатры» деп Астанада өткен «ҚР үздік балалар дәрігері» байқауының күміс жүлдегері, №1 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Досанова Алтын Мейрамбайқызы атанды.

«Үздік дәрігер-хирург»- Отырар орталық аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Жолшиев Болат Тоқтасынұлы болса, «Үздік медицина ұйымы»- облысымызда алғаш рет Оңтүстік Корейлік мамандармен бірігіп, бүйрек алмастыру отасы жасалған, білікті дәрігер Бегалиев Мади Ходжаұлы басшылық жасап отырған Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасы болды. «Үздік емхана» номинациясы Мақтарал аудандық емханасына бұйырды.

«ОҚО Денсаулық сақтау саласы жайындағы үздік мақала» авторы- «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Жүсіпбекова Жанерке атанса, «Үздік телесюжет»-«Отырар» телеарнасының тілшісі Авдасева Татьянанікі болды.

"Отырар" телеарнасындағы "Медикон" бағдарламасының жүргізушісі Татьяна Авдасева
«Отырар» телеарнасындағы «Медикон» бағдарламасының жүргізушісі Татьяна Авдасева

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bKef7aqplE8[/youtube]