Ауылшаруашылығын дамыту ілгерілеп келеді

392
егістік

Шаруаларға дәнді дақылдардың жаңа сорттары ұсынылды. Осылайша ауылшаруашылығын дамытудағы өзекті мәселелердің түйіні шешілмек.Агротехнологиялық жүйені жаңартып,диқандардың табысын ұлғайтудың жолы облыстық «Егін-жай» семинар-кеңесінде қаралды.

егістік
егістік

Облыстық семинарды егістік алқаптарын аралаудан бастаған диқандар өзара тәжірибе алмасты. Шығынсыз табысқа кенелудің жолын үйреніп, ауыспалы егісте үнемді агротехнологиялық жүйені ендірудің тиімділігімен танысты. Масақты дәнді дақылдардың сортын дұрыс таңдай біліп, жоғары өнімге қол жеткізу.

диқандар бір-бірімен тәжірибе алмасты
диқандар бір-бірімен тәжірибе алмасты

Соңғы уақытта малшаруашылығы дамып, бордақылау жұмысы жақсы жолға қойылған. Бірақ жем-шөптің тапшылығын ескерген жан, жаңа технологияға бет бұрып, шығынға батпасы да анық. Ал диқандар бұл істі үнемділікпен екі асамақ. Бұл третикале деп аталатын бидайдың жаңа сорты арқылы мүмкін болмақ.

семинар-кеңестің барысы
семинар-кеңестің барысы

Кеңестің теориялық бөлімінде сөз алғандар ауылшаруашылығы саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Масақты дәнді дақылдан бастап, кебек өндірудің технологиясы да қаралды.

Рахым Оразалиев, академик: «Заман көшіне ілесемін деген әрбір шаруа иесі жаңа технологияларды жатырқамай қабылдауы керек. Одан жемісін көрмесе, ұтылмасы анық».

Сапалы тұқым өндіріп, егін-жайды жайқалту кеңеске қатысушылардың басты мақсаты. Енді теория жүзінде алған білімін, дала жұмыстарында жүзеге асырулары ғана қалды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=tamAklhGDkY[/youtube]