Азаматтар өз құқығын таптатпауды үйренуде

260
қоғамдық қабылдау

Нұротандықтар «әділет кеңес береді» акциясына қолдау көрсетті. Партияның қоғамдық қабылдау бөлімі азаматтарға құқықтық кеңес беруге бел буып, сауаттылығын арттыруға атсалысты. Қабылдауға 50-ге жуық шымкенттік қатысып, кеңес алды.

 

қоғамдық қабылдау
қоғамдық қабылдау

Әділет департаментінің мамандары бастаған топ, құқықтық кеңес берді. Мұнда жеке куәлігін ала алмағандар мен, заңды тұлғалар жиналаған. Әсіресе, кәмелет жасқа енді толғандардың сұрағы көп. Бірінің тегін ауыстырғысы келсе, енді бірінің алғашқы құжатының өзінде қате кеткен. Қайта жөндеу жырға айналған ұқсайды. Қабылдауға келгендер мәселелерін бірден шешіп, құқықтық кеңес алды.

Балжан Мадиқызы, ОҚО әділет департаменті басшысының орынбасары: «Қабылдауға келгендердің біразы туу туралы куәлікті даярлауда кездесетін қиындықтардың заңдылығын білді. Сосын мешітте некесін қиып, неке қию туралы куәлік алмаса бола ма деген сұрақтар көп болды. Ондай болмайды, ол шариғаттағы ереже болса, екіншісі заңда көрсетілген».

Азаматтарға ашық әрі жариялы қабылдау көптеп керек. Әділет саласының мамандары әрбір тұрғынның сұрағына тек акцияда ғана емес, әр күні жауап беруге дайын екендіктерін де жеткізді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-fczXsWPuJs[/youtube]