Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, шахардағы белгілі кәсіпкерлердің бірі, «Ордабасы» индустриалды аймағының жетекшісі Нұрғазы Бұхарбаев баспасөз мәслихатын өткізді.
Сағат 11-00 де өткен жиынға Нұрғазы мырзаның өзі ғана келіпті. » Құрметті облыс әкімі, құқық қорғау қызметкерлері! Менің отбасыма қауіп төніп тұр. Мен сіздерден оларды қорғауларыңызды сұранамын. Бұл менің депутаттық мандатыма қатысты әрекет деп білемін. Егер олардың аман-сау жүретініне көзім жетпесе, депутаттықтан бас тартамын. Әрі қарай саяси және қоғамдық істермен айналыспаймын»,- деді Нұрғазы Бұхарбаев.
Жиналған тілшілерге осыдан басқа депутат ләм-мим деген жоқ.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Y6l6wS6Gc9o[/youtube]