Илья Ильин шымкенттік жанкүйерлерімен кездесті

357
Тікелей эфирдің барысы

Жастар елдің болашағы. Есті ұрпақты тәрбиелеуге атсалысып жүрген жандардың бірі Илья Ильин «Отырар» телеарнасына келіп, тікелей эфирде жанкүйерлерімен жүздесті.

"Топжарған" бағдарламасының авторы С.Алдабергенова сұқбат алуда
«Топжарған» бағдарламасының авторы С.Алдабергенова сұқбат алуда

Арнаға алғаш келген чемпионды телеарна қызметкерлері қарсы алып, естелікке суретке түсті. Шымкентке келудегі мақсатымен таныстырып, нашақорлыққа қарсы күнін шым шаһардың жастарымен бірге атап өтуге келгенін қуанышпен жеткізді.

Түсірілім тобының жұмысы
Түсірілім тобының жұмысы

Өзінің замандастырмен кейінгі толқынды бос уақытын тиімді пайдалануға шақырып, елдің ертеңін кемелдендіретін есті ұрпақ болуға кеңес берді.

Айта өтейік, бүгін 26-маусым күні қаламыздағы «Шәмші» әлемі аллеясында өтетін «Нашақорлыққа қарсымыз» акциясына шақырамыз. Кеште толағайларыңызбен қатар, қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетеді.

Чемпионның қуанышында шек жоқ
Чемпионның қуанышында шек жоқ

Илья Александрович Ильин 1988 жылы, 24-мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген. Ауыр атлет  Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, әлемнің үш дүркін чемпионы және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. «Динамо» спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.

Илья Ильин отбасында үш ұл баланың кенжесі.  Спорт залға алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы болатын.

Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруді үйренді. Бірақ арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапекері Вилорий Пак болатын.

Тікелей эфирге дайындық
Тікелей эфирге дайындық
Тікелей эфирдің барысы
Тікелей эфирдің барысы
"Жаңа күн" бағдарламасының редакторы Жанар Есенбекова чемпионмен естелікке суретке түсті
«Жаңа күн» бағдарламасының редакторы Жанар Есенбекова чемпионмен естелікке суретке түсті
Арнаның жігіттері Ильяның жанкүйері
Арнаның жігіттері Ильяның жанкүйері