«Изуми» сауда желісіне – 13 жыл

199
Изуми сауда желісіне 13 жыл толды

«Изуми» сауда жүйесіне биыл 13 жыл. Осыған орай ұйымдастырылған салтанатта 13 ең үздік сатып алушы, 13 тартымды күлкі таңдап алынды. Мерекелік бағдарламады танымды сұрақ жауаптар мен түрлі байқаулар өткізілді. Қысқасы, ешкім сыйлықсыз қалған жоқ.

«Изумидің» 13 жылдығы нағыз отбасылық мерекеге айналды. Сатып алушылар әзілмен әрленген көңілді байқауларға қатысты. Әдеттегідей, «Изумидің» мерексінен сыйсыз қалғаны жоқ. Бірақ әлі алда басты сыйлық балаларға болмақ дейді изумиліктер.

Ирина Бычкова, «Изуми» дүкенінің әкімшісі: «Жақында «Изумиде » балалар киімдері сатылатын болады. Ата анасы дүкенді емін еркін аралап, керегін таңдап алу үшін таяуда балалар алаңшасы да ашылмақ».

Он үш үздік сатып алушы сыйлықтан басқа, «Изумиден» сертификаттар мен дисконтты карталарына ие болды. Николай Чижевсий де солардың бірі. «Изумиден» ғана киінетін ол сәні мен сапасы, бағасы келіскен дүкен деп мақтап отыр.

Николай Чижевский, тұрақты сатып алушы: «Мен екі жыл бойы «Изумиге» келіп, бар керегімді түгендеп тұрам. Бағасы да, сапасы да көңілімнен шығады. Сыйлықтар үшін үлкен рахмет, «Изуми» алдағы уақытта да үздік дүкен боп қала берсін!»

Изуми сауда желісіне  13 жыл толды
Изуми сауда желісіне 13 жыл толды

Мерекеге келгендердің бәрі «Изумидің» үздік екендігін айтысты. Сән әлемінде 13 жыл бойы «Изуми» әлемдік брендтердің ең сапалы киімі мен аяқ киімін, аксесуарларын тұрақты тасымалдаушыға айналды. Сатып алушылар үшін әркез сайын түрлі байқаулар мен акциялар өткізу сауда жүйесінде дәстүрге айналған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MDR5WFub2Mk[/youtube]