ОҚО-да жыл басынан бері 10 адам суға кеткен

572
су тамырды сірестіріп қоюы да мүмкін
су тамырды сірестіріп қоюы да мүмкін
су тамырды сірестіріп қоюы да мүмкін

Жаздың аптап ыстық күндері басталмай жатып, Оңтүстік Қазақстан облысында адамдардың суға кету оқиғасы жиілеген.Шомылу маусымы ашылғаннан бері 10 азамат суға тұншығып қайтыс болды. Оның 6-уы бала. Жалпы облыс аумағындағы ірі су қоймаларының 5-еуі ғана бақыланады. Осы аумақтарда қызмет ететін 58 ғана құтқарушы бар. Сондықтан барлық өзен-көлдерді қадағалауға құтқару қызметінің күші де жетпейді. Мамандар тұншығып қайтыс болатындардың басым бөлігі бақылаусыз су тоғандарында шомылғандар дегенді алға тартып отыр.

Шардара су қоймасы мен Келес өзендері ең қауіпті аймақ саналады. Ал Төле би ауданы Қайнар ауылында орын алған жағдай жұртты алаңдатып отыр. Ойнап жүрген үш бірдей ауыл баласы тоған суына батып кеткен. Оның екеуі – 12 жаста, біреуі – енді мүшел жасқа толған жеткіншек. Мамандар еріген қар мен жауыннан кейін пайда болған шалшық суға мүлдем шомылуға болмайды деп талай рет ескерткенбіз дегенді айтады.

ОҚО ТЖД сүңгуірлер авариялық құтқару жасағының бастығы Орынбасар Төртбаев суға кеткен балалардың үйінен рұқсатсыз, себепсіз шығып кеткенін тілге тиек етіп отыр. Балалардың киім-кешектері мен бұйымдары судың жағасынан табылған.

Сүңгуірлер авариялық құтқару жасағының бастығы суға шомылып жатқанда балалардың тамырлары тартылып қалуы да, жүзе алмауы да мүмкін екенін айтады. Оның үстіне мамандар жағажайлардың тайғанақ екен де байқаған, балалардың тайып кетуі әбден мүмкін.Су-құтқару қызметі мамандары мәліметтеріне қарағанда, аймақ тұрғындары тыйым салынғанына қарамастан, бейімделмеген жерлерде шомылады.

Айта кетейік, соңғы күндері облыста күннің тым тез ысып кетуіне байланысты суаттарда демалатындар саны да көбейген.