Оңтүстікте «Қазығұрт. Антитеррор – 2013» халықаралық оқу-жаттығуы өтті (бейнекадрлар)

572
Қазығұрт. Антитеррор - 2013

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазығұрт. Антитеррор – 2013» халықаралық оқу-жаттығуы өтті. Оған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің барлығы қатысты. Бұған қоса Иран, Ауғанстан, Франция, Үндістан, Пәкістан, Беларуссия және Түркия секілді елдердің өкілдері Шымкентке келді. Олар халықаралық жаттығудың қалай өтетінін бақыламақ.

Қазығұрт. Антитеррор - 2013
Қазығұрт. Антитеррор – 2013

Алдымен қатысушылар Шымкенттегі Даңқ мемориалына келіп, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батырларға тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Шетелдік қонақтардан бөлек мұнда Қазақстанның күштік құрылымдары – Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Ішкі істер министрлігі және Төтенше жағдай министрлігінің басшылары да жүр.

ҚР ҰҚК төрағасы Н.Әбіқаев пен ШЫҰ өкілі Чан Синь Фэн мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюда
ҚР ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев пен ШЫҰ өкілі Чан Синь Фэн мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюда

Одан кейін оқу-жаттығуға қатысушылар «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына жиналды. Мұнда ҰҚК төрағасы алдағы әскери іс-қимылдардың жалпы жоспарын көпшілікке таныстырды.

Арада жарты сағаттай уақыт өткенде әскерилер мен қонақтардың барлығы Қазығұрт ауданындағы ақтас полигонында тұрды. Мұнда шетелдік бақылаушылар мен еліміздің жоғарғы дәрежелі қолбасшыларына Қазақстаның арнайы жасақтары пайдаланатын қарулар таныстырылды.

Атқан оғы 2 шақырымға жететін мергеннің винтовкасы
Атқан оғы 2 шақырымға жететін мергеннің винтовкасы
Төтенше жағдай қызметкерлері сақадай-сай тұр
Төтенше жағдай қызметкерлері сақадай-сай тұр
Арнайы жасақтың сарбаздары мінетін "Спартан" көлігі - осы
Арнайы жасақтың сарбаздары мінетін «Спартан» көлігі – осы
Оқу-жаттығуды ұйымдастырушылар алдағы жоспарды соңғы рет пысықтап алуда
Оқу-жаттығуды ұйымдастырушылар алдағы жоспарды соңғы рет пысықтап алуда
Біркелкі 15 джипке мінген қонақтардың алғашқы легі де келе бастады
Біркелкі 15 джипке мінген қонақтардың алғашқы легі де келе бастады

 

Әскери жаттығуларды бақылауға арналған орын
Осы жерден әскери жаттығулар өтетін дала алақанға салғандай көрінеді

Біраздан кейін әскери жаттығулардың негізгі бөлігі де басталып кетті. Жоспарға сәйкес, тыныштықты бұзғандар елдімекенге шығыстан басып кіруге тырысқанымен, ол ойлары жүзеге асқан жоқ. Бекетте тұрған қарулы жасақ лаңкестерге қатты қарсылық көрсетіп, көздерін жойды. Ал осы уақытта қыр асып, екі көлікпен ауылға тартқандарды тікұшақтар қарсы алды. Жан-жақтан төпеген оқтың астында қалған лаңкестер осылайша алысқа ұзай алмай, қолға түсті.

Тікұшақтар күдікті көліктерге оқ жаудыруда
Тікұшақтар күдікті көліктерге оқ жаудыруда

Оқу-жаттығуды ұйымдастырғандар лаңкестердің әрекет етуі мүмкін барлық жоспарларын ұмыт қалдырмады. Операцияның бір сценариіне сәйкес, ауылдың жанындағы үйді бір топ лаңкестер басып алған. Тіпті, полиция қызметкерін жарақаттап та үлгерді.

Мына үйде бірнеше күдіктілер бекініп алған
Мына үйде бірнеше күдіктілер бекініп алған

Бекініп алып, қарсылық көрсеткен қарулы топтың көзін жою үшін штаб басшылығы арнайы топты оқиға орнына аттандырды. Шұғыл жасақтың сарбаздары лаңкестерді алдаусыратын бірнеше жарылыс жасап, бекініске айналған үйге басып кірді.

Арнайы жасақтың сарбаздары үйдің қоршауын жарып жіберіп, ішке енді
Арнайы жасақтың сарбаздары үйдің қоршауын жарып жіберіп, ішке енді

Осылайша бүгінгі оқу-жаттығу сәтті аяқталып, лаңкестердің көзі толық жойылды. Арнайы операция әскерилердің қиылын жіті бақылаған қонақтардың да көңілінен шықты. Іс-шара аяқталған соң ҰҚК төрағасы халықаралық оқу-жаттығудың сәтті өтуіне үлес қосқандарды марапаттады. Олардың арасында облыс әкімі Асқар Мырзахметов та бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=3hWj2zvROug[/youtube]

Президенттің күзет қызметі, ҰҚК арнайы жасағы, Шекара қызметінің жедел қимылдайтын сарбаздары, Ішкі істер департаментің шұғыл топтары қатысқан халықаралық оқу-жаттығу ШЫҰ-ның шешімімен Қазақстанда өткізілді. Бұған дейін елімізде үш рет ұйымдастырылған әскери іс-шараның бұл жолы өтетін жері Оңтүстік деп таңдалуының бірнеше себебі бар.

Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы - Нұртай Әбіқаев
Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы – Нұртай Әбіқаев

 

«Бұл жолғы халықаралық оқу-жаттығуды Оңтүстіктегі Қазығұрт ауданында өткізуіміздің себебі – біріншіден, Ақтас полигоны әскери-ұрыс қимылдарын жүргізуге аса қолайлы, – дейді ҚР ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев. Екіншіден, біздің елге қауіп (бетін аулақ қылсын) мына Созақ жақтан келуі мүмкін. Жақын көршілеріміз емес, әрине, ар жақтағы елдерден. Сондықтан, осы Ақтасты таңдадық.»

Мамандар осындай жаттығулар алдағы уақытта да жыл сайын өткізіледі деп отыр. Бүгінде басқаны былай қойғанда Азия мен Таяу Шығыстағы ахуал үнемі сақ болуды қажет етеді. Ендеше дәл осындай алмағайып заманда біріккен әскери жаттығулардың өткізудің саяси маңызы зор.