Оңтүстік Қазақстан облысының өзендерінде күн және жел энергиясын өндіретін миниэлектростанциялар салынады. Осы сынды басқа да жобаларға облыс әкімдігі тарапынан қандай қолдау көрсету қажет? Экологиялық таза өндірісті өркендетуге не кедергі? Міне, осы мәселелер облыс әкімдігінде өткен мәжілісте талқыланды.
ОҚО-на электр энергиясының 50 пайызы сырттан әкелінеді. Бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз әрине. Бүгінгі отырыста қозғалған мәселе қосымша электр көздерін пайдалану. Арнайы жұмыс тобы құрылып, жобалар да анықталған.
Облыстың өзге аймақтарында да осындай жоба іске асырылмақ. Биогаз өндіру де назарда. Нақты жобаларға нақты инвесторлар да дайын. Кейбір министанциялардың құрылысы жыл соңында, дәлірек айтсақ, қыркүйек айында басталуы мүмкін. Басқосуда сондай ақ жобаның басы қасында жүргендер шешілмей жатқан проблемаларды да ортаға тастады. Дені жер мәселесі шикі дейді.
«Жасыл экономиканы» жандандырар бұл жобалар қаншалықты өміршең?! Уралап басталып, аяқсыз қалған тірлік аз емес Оңтүстікте деген сауалға Асқар Исабекұлы былай дейді: «Олай болмайды, өйткені бұл жобалардың бәрі де қадағалауда болады. Бір жағынан бұл мемелекеттік саясат».
Күн сәулесі батареялары енді Оңтүстікте көбейеді.