Үйінде қолдан «DIZZY» жасап шығарып келген азаматшаның әрекетін әшкереленді. Ол энергетикалықтық сусынның жартысына «Буратина» тәтті суын араластырып саудаға шығарып отырған. Ал бағасы нарықтан аздап төмен.
Арзан, әрі дәмінде айтарлықтай айырмашылық болмағандықтан сусынның саудасы жүріп тұрған. Бұл азаматша өткен жылы дәл осындай заңсыз әрекеті үшін жауапқа тартылып, айыппұл төлеген болатын.
Қалтасынан көп қаражат шықпаса керек, биыл үйреншікті кәсібіне қайта кіріскен. Әділет департаментінің мамандары азаматшаға қатысты іс-құжаттарын дайындап, сотқа жолдайтын болды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=lQY0vRZJdgs[/youtube]