Қала әкімі энергетикалық сусын шығаратын компанияның жұмысымен танысты

223

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бүгін «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан энергетикалық сусын шығаратын «Болашақ 7» ЖШС-ның жаңа өндіріс орнының ашылуына қатысты.

Бұл жоба құны 1 млрд. теңгені құрап, өндірістің жалпы қуаттылығы айына шамамен 35 млн. дана өнімге есептелген. Оның 30 пайызы экспортқа, негізінен Қырғызстан мен Өзбекстанға шығарылады деп күтілуде. Сонымен бірге бұл өндіріс орны қаланы жаңа 150 жұмыс орнымен қамтамасыз етуде.

Индустриалды аймақтағы басқа жобаларға секілді бұл өндіріс орнына да «Бизнестің жол картасы – 2020» аясында мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген, 2 га жер бөлініп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді.