Úı ANONS Энергетикалық сусын ішіп, есінен танып қалған тұрғынды тәртіп сақшылары құтқарып қалды

Энергетикалық сусын ішіп, есінен танып қалған тұрғынды тәртіп сақшылары құтқарып қалды

фото ТОПД

Түркістан облысының Сарыағаш қаласында полиция қызметкерлері күнделікті қызметтік міндеттерін атқару барысында жол жиегінде ес-түссіз жатқан ер адамды байқап, дереу көмекке ұмтылды.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылғанымен, медициналық көмек дер кезінде жете қоймағандықтан, учаскелік полиция инспекторлары Бақытжан Уалиев пен Ералы Байдуллаев азаматты өздерінің қызметтік автокөлігімен ауруханаға шұғыл түрде жеткізді.

Дәрігерлердің тексеруі нәтижесінде ер адамның энергетикалық сусын ішкеннен кейін өзін нашар сезініп, есінен танып қалғаны анықталды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында азаматқа дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, өмірі аман қалды. Тәртіп сақшыларының бұл іс-әрекеті – полиция қызметінің адам өміріне деген жауапкершілік пен азаматтық борышқа адалдықтың айқын көрінісі.