Биыл қырман-қамбамыз лық толы болғалы тұр. Ауылшаруашылығы саласы мамандары астық өнімділігін былтырғыдан екі есеге артырамыз дейді. Осылайша облыс бойынша биылғы бидай түсімі 360 тоннаға жетеді деген жоспар бар.
Бүгіннің өзінде 51 мың гектар жерден астық жиналған. Қазір егін алқабында жиын-терім жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жинау науқаны тамыз айында аяқталмақ.Сала мамандары «астық жинау жұмыстары былтырғыдай созбалаңға салынбайды» деп сендіреді. Себебі, биыл жүз шақты су жаңа комбайн іске қосылған. Алайда, алабұлтты ауа райынның салдарынан астықтықтың ауып кету қаупі барын да жоққа шығармайды.
Облыстық ауылшаруашылық басқармасының бастығы Қанатбек Оспанбековтің сөзіне сенсек, жаңбырлы шілдеде астық өнімінің 40 пайызға дейін төмендеп кетуі мүмкін.