Қошқар ата өзені маңындағы тұрғындар абаттандыруға кедергі жасауда

871
Қошқар ата өзенінің маңы әзірге қоқыстан тазартылуда

 

Қошқар ата өзенінің маңы әзірге қоқыстан тазартылуда
Қошқар ата өзенінің маңы әзірге қоқыстан тазартылуда

Қошқар ата өзенінде қайта жөндеу жұмыстары басталды. 16 гектар жер қорғалған демалу аймағына айналатын болады. Бұл бағытқа жергілікті бюджеттен арнайы 452 миллион теңге бөлінді. Алайда құрылыс жұмыстары қарқын алмай жатып, тұншығуда.

Шомылатын қауыз, кішігірім жағажай, спорттық алаңдар. Бұл Қошқар ата өзенінің болашақтағы көрінісі. Жұмыс Қошқар ата өзені бастау алатын бұлақ маңындағы 300 метрлік жерден басталған. Мұнда су қоқыстан тазартылып, қазу жұмыстары жүргізілуде.  

Қошқарата өзенін өзгерту талабы таудай болғанымен, құрылысшылардың жұмысы тоқтауға шақ. Оған себеп: бірінші, әкімшілік тарапынан қаржыландыру жоқ. Екіншіден, тұрғындардың үйін тастап кеткісі келмегенінде. Ал демалуға келушілер тіптен, техниканың жұмысына тосқауыл болады.

Жәрдем Жасұзақов, учаске прорабы: «Ақша берілген жоқ. Жұмыстың нәтижесін көріп барып береміз дйеді. Ал жұмыс істейін десек, үйлер бұзылмаған. Өзеннің сол жақ жағалауындағы 100 үй сот шешімін күтіп отыр ма білмедім оларда уақытты созып отыр. Ал мен сол жақ пен оң жақ жағалауды бірдей монтаждауым керек. Өзеннің түбін тазартайын десек, шомылуға келгендер кедергі келтіріп отыр».

Ал бұған жергілікті тұрғындардың өз айтар уәжі бар.

Анипа, тұрғын: «Өйтеміз, бүйтеміз деп айта береді. Халықтың ақшасын шашу ғой бұл дегенің. Қыруар қаржыны кетіріп несі бар. Бұл қасиетті орын ғой. Еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы суға шомылуға келетін. Енді не істеп жатыр?»

Бірақ, жоспар бойынша, алдағы он ай ішінде Қошқар ата өзеніне қарасты 2 шақырымға жуық жер абаттандырылуы тиіс.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=yk6r6meNmMs[/youtube]