Арыста жүз елуге жуық жылқы ұрлағандар ұсталды

427
Ұрылар көбінесе асыл тұқымды жылқыны жымқырып келген

Арыс аудандық тәртіп сақшылары барымташыларды құрықтады. Бұл қылмыстық топ жарты жылдан бері ауыл-аймақтағы халықты қан қақсатып, малын ұрлап келген. Ұрлағанда тек асыл тұқымды жылқыға қол салған дейді полицейлер. Жақында ұзын саны жүзден астам жылқыны жымқырғандарға сот үкімі де шықты.

Ұрылар көбінесе асыл тұқымды жылқыны жымқырып келген
Ұрылар көбінесе асыл тұқымды жылқыны жымқырып келген

Жылқыларынан айрылған шаруалар тәртіп сақшыларына ақпан айынан бастап шағым түсіре бастаған. Көбісінің асыл тұқымды жылқысы ұрланыпты. Дегенмен, кәнігі ұрылар көпке дейін ұстатпай келіп, жақында ғана қолға түсті. Бір айта кетерлігі, барымташылардың әрекетінен олардың көкпаршы достары да бейхабар болған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=czSHckjtdcM[/youtube]

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, алғашында барымташылардың 61 жылқыны ұрлағаны дәлелденіпті. Алайда, баукеспелер ұсталды дегенді естіген ауыл-аймақтың өзге тұрғындары полицейлерге шағымдануын жиілеткен. Нәтижесінде бұл топтың тағы да басқа қылмыстары ашылып отыр.

Ұсталғандар жазаларын алды
Ұсталғандар тиісті жазаларын алды

Қазіргі таңда ұсталғандардың екеуі де тиісті жазаларын алды. Сот олардың бірін 5 жылға, ал екіншісін 5 жыл 6 айға темір торға қамау туралы үкім шығарды.