Úı ANONS Арыста 15 жасар жасөспірім қыз жоғалып кетті

Арыста 15 жасар жасөспірім қыз жоғалып кетті

фото ТОПД
Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Анасының айтуынша, жасөспірім күндіз үйден шығып, қайта оралмаған.
Қызды іздеу үшін аудандық полицияның жеке құрамы жұмылдырылып, қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Іздеу барысында полицейлер оның таныстарын, байланыстарын және болуы мүмкін жерлерін анықтады.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары 15 жастағы оқушыны Алматыдан тапты. Белгілі болғандай, ол мегаполиске өз бетімен кетіп, серуендемек болған. Қыз аман-есен үйіне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды.
Қазіргі уақытта полицейлер жасөспіріммен профилактикалық әңгіме өткізді, сондай-ақ оның ата-анасына да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.