«Оңтүстік Рабат» үздіктер қатарында

Байқау сәуір айында жарияланған болатын
Байқау сәуір айында жарияланған болатын
Байқау сәуір айында жарияланған болатын

«Оңтүстік Рабат» оқырмандарынан сұрар сүйіншіміз бар. Басылым «сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу» тақырыбы бойынша жариялаған байқауда үшінші орын алды.

Бірінші орынды – «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттері алса,

Екінші орын – «Уақыт» газетіне бұйырды

«Жас кәсіпкерлерді қолдау одағы «Жас кәсіпкер» қоғамдық бірлестігі сәуір айында жергілікті басылымдарда хабарландыру таратқан болатын.

Байқаудың негізгі мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және жемқорлық сипаттағы құқық бұзулар мен қылмыстардың алдын алуды насихаттауға баспа бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту, осы заманғы қоғамдағы жемқорлық тақырыбына жастардың назарын аудару еді.

Ұйымдастырушылардың сөзінде, басылымдардың арасында сыбайлас жемқорлық оқиғасы болып кеткеннен кейінгі мақалалар көптеп кездеседі екен. Яғни алдын алу тақырыбы бойынша материалдар аз жазатын болып шықты біздің тілшілер. Өкінішке орай, байқауға мақалаларын ұсынған газеттер аз болып шығыпты. Оңтүстікте 300-ден аса басылым жұмыс істесе соның небары 4-5-уі ғана байқауға қатысуда белсенділік танытқан.

Айжан Ермекқызы, «Оңтүстік Рабат» газетінің тілшісі: «Оітүстік Рабат» заң тақырыбына екі бетін арнайды. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық тақырыбының алдын алу бойынша тілшілеріміз жиі қалам тербейді. Бүгінгі жеңіс сол еңбектің нәтижесі деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға рахмет».