Шымкентте ауыр қылмыс жасағаны үшін 280 әйел жазасын өтеуде

336
Ашық есік күні туыстары жазасын өтеушідердің тіршілігімен таныса алды

 

Ашық есік күні туыстары жазасын өтеушідердің тіршілігімен таныса алды
Ашық есік күні туыстары жазасын өтеушідердің тіршілігімен таныса алды

Бір жыл бұрын 167/4 түзету мекемесі жалпыдан қатаң тәртіптегі колония болып құрылған еді. Мұнда бүгінде бүкіл республика өңірлерінен ауыр және өте ауыр қылмыс жасаған 280 әйел жазасын өтеуде.

Ал бүгін жабық мекемеде ашық есік күні өтті.  167/4 түзету колониясында жазасын өтеп жатқандар өз туыстарымен кездесті.  Ашық есік күніне еліміздің басқа аймақтарынан да жазасын өтеушілердің жақындары келді.

Келгендер олардың темір тордағы өмірімен танысты. Яғни олардың жатын орны, асханасы, медициналық көмек алатын бөлімдерін аралады. Бұл шараны өткізуге «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық филиалы мен әйелдер колониясы бастама жасаған.

 Ашық есік күні алғаш рет өтіп отыр.