Халық құқыққорғау органдарына сенуден қалған

225
қалалық әкімдікте өткен жиын барысы

Учаскелік және мектеп инспекторлары міндетіне салғырт қарайды. Осылай деп, қаладағы қылмыстық аһуалды ортаға салған қала әкімі Дархан Сатыбалды шымшаһардың еліміз бойынша құқық бұзушылықта алдыңғы орында екенін басып айтты.

қалалық әкімдікте өткен жиын барысы
қалалық әкімдікте өткен жиын барысы

Қаланың көркін қашырып, салықтан жалтаратын ретсіз сауда орындары әлі күнге айылын жыймай келеді. Сонымен қатар қала орталықтарындағы тән саудасының ошағына айналған жалға пәтер берушілер мен жалға алушылар тарапынан жасалып жатқан құқық бұзу фактілері де тыйылмай тұр.

Ұрлық-қарлық, тонау фактілері едәуір өскен. Қаладағы қылмысты құрықтай алмай отырған полиция қызметкерлерінің жұмыстарына мәслихат депутаттары да көңілдері толмайтындықтарын ашып айтты.

Дархан Сатыбалды, Шымкент қаласының әкімі: «Қазір полициядан ешкім қорықпайды да, сенбейді де. Қанша жұмыс істеліп жатыр десеңіздер де қала сол баяғы күйінде. Қылмыс тыйылар емес. Әкімдік тарапынан сұраған бейнебақылау, аулаларды жарықтандыру сияқты жұмыстар атқарылуда. Бірақ, нәтиже жоқ».