Жаңа нөмірден оқитындарыңыз көп

Оңтүстік Рабат №30
Оңтүстік Рабат №30
Об Оңтүстік Рабат №30

Ораза айының құрметіне газетіміздің апта сайынғы нөмірінде «Дініңді таңы» атты тұрақты айдармен имандылық иірімдеріне арналған бет өз жалғасын бұл жолы да тауып отыр.

Имандылық бетінен сондай-ақ Шымкентте бір күн тегін жүретін автобус бағыттары туралы да сөз болады.

Бұдан өзге, оқырмандардың талап-тілегі, өтініші бойынша көтерілген тақырыптар мыналар:

Суға кетіп қайтыс болғандардың саны күннен күнге артып отыр. ал Оңтүстікте судан құтқарушылардың қайығы тозған.

  1.  Белгілі боксшы, даңқты спорты Нұржан Сманов қайда жүр? Үстінен қылмыстық іс қозғалды деген сөз рас па? Қалалық спорт бөлімін басқарған азаматтың бұл жөнінде айтары қайсы?  Газетіміздің «Сіз қайда жүрсіз?» айдарының қонағы Н.Смановпен жүрекжарды сұхбат.

Облыс поркуроры «6 айда 8 жерлесіміз генерл шенін алды» деп мақтанады. Олар бұл шенді не үшін алған? Қандай қылмыстық істерді ашты?

Аптап ыстықта қажет пайдалы сусындар қайсы?

Бала күтімі үшін берілетін «декреттік» демалысқа  келіннің орнына енесі шығуына бола ма?

Баспана бағасының рейтингісі

Ордабасы ауданын оңды істер күтіп тұр

Тері рагіне шалдықпау үшін күнге дұрыс қыздырынудың жолдарын білесіз бе?

Осы және өзге де сауалдарға «Оңтүстік рабат» газетінің 30-нөмірінен жауап таба аласыз.