Сасқалақтаған ұры өзінің сыбайласын атып өлтірді

246
Өзінің сыбайласын атып жіберген азамат

Төлебилік тәртіп сақшылары өзінің сыбайласын атып жіберген ұрыны ұстады. 37 және 24 жастағы екі тұрғын көршілерінің жылқысын ұрламақ болады. Алайда қылмыс үстінде үй иесінің әйелі оларды көріп қойған. Салдарынан оқиға болған жерден қашып бара жатып, 37 жастағы күдікті артына қарап, қолындағы мылтығынан басып қалады. Сыбайласы да бірге қаша жөнелген.

Өзінің сыбайласын атып жіберген азамат
Өзінің сыбайласын атып жіберген азамат

Дегенмен, сәлден кейін 24 жастағы жігіт жерге құлайды. Оның өлгенін көрген сыбайласы марқұмды жақын жердегі қырдың астына тастай қашқанымен, көп ұзамай қолға түсті. Оның тығып қойған мылтықтары да табылған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_rNehvYBfh8[/youtube]