Ауызашарда не айтып жүрміз?

Тамыздың 3-інен 4-іне қараған түн – мың айдан да қайырлы Қадыр түні.

Қазір ораза айы. Күнә кемшіліктерден тыйылып, сауап амал жасауға ұмтылатын кез. Бәріміздің нысап-ниетіміз, арман аңсарымыз осыны ойласа қанекей.

Тамыздың 3-інен 4-іне қараған түн – мың айдан да қайырлы Қадыр түні.
Тамыздың 3-інен 4-іне қараған түн – мың айдан да қайырлы Қадыр түні.

Жылына бір келетін Рамазанда жамағат ауызашар дастархан жаюға ұмтылады-ақ. Қалтасы қалыңы да, жұқасы да. Ауыз бекіткенін де, бекітпегенін де байқаймыз. Үйінде не болмаса элиталы дәмхана, тойханаларда. Бұл қуанышты жәйт.

Әуелде ауызашардың мәні неде еді? Ауыз бекіткен мұсылманға дәм таттырып, Алланың ризалығына бөлену ғой. Дастархан басында тағылымды уағыз айтылып, жан сарайыңды жібітер ғибратты әңгімелер болса жарасымды-ақ. Солай болса дейміз. Анығында, осы үдеден шығып жүрміз бе? Ойланып көрейікші.

Ал Ораза айт 8 тамыз күні сағат 7.15-те оқылатын Айт намазымен басталады.
Ал Ораза айт 8 тамыз күні сағат 7.15-те оқылатын Айт намазымен басталады.

Кей-кейде ауызашарға жол түседі. Дастарханы жайнап, самаурыны қайнап тұрар. Үй иесінің ілтипатына сүйсінесіз. Бәрі жарасымды. Қонақты қазекеңнен артық күтетін ешкім жоқ шығар. Ауыз ашылып, тағам келеді. Екі-үш қайтара. Көңіл жайланады. Одан кейін әсерлі уағыз айтылса дейсің. Ойға шомып, Алланың құдіретін сезінгіміз келеді ғой. Жамағат жарыса уағыз айтып жатса қандай жағымды. Бұл өмірде Алланы танып-білуден асқан нәрсе жоқ. Кей-кездері әңгіме ауаны басқа жаққа бұрылып кетіп жататыны бар. Біз осыған күйінеміз. Мән-мағынасы мол ауызашарда дүниәуи тірліктің жайын қаузап кететініне қынжыласыз. Жөн-жосықсыз әңгіме көп. Ойланайықшы.

Бәрі де осылай дегіміз жоқ. Ара-тұра куә болғаннан кейін аз-кем кіжінген жайымыз бұл. Ауызашарға барғанда мән-мағыналы уағыз айтуға ұмтылсақ. Өзгелерді де осыған үгіттесек. Сонда Алланы еске алған жүрек көңілі толып қайтпай ма?!

Тағабай ҚАСЫМ