Азат Перуашев сайлаушылармен кездесті

392
Перуашев еліміздің саяси ахуалына деген пікірін білдірді
Перуашев еліміздің саяси ахуалына деген пікірін білдірді
Перуашев еліміздің саяси ахуалына деген пікірін білдірді

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Шымкент қаласының сайлаушыларымен кездесті. Жиналғандар көптеген проблемалардың да бетін ашып, түрлі ұсыныстарды ортаға салды. Әлем энергетика қуатының тапшылығын сезе бастады. Сондықтан, су, күн, жел энергиясын алу көздерін қарастыруымыз керек.

Қоғамдық ұйым өкілдері қосымша қуат көздерін тапқандарға субсидия берілу керек деп санайды. Басқосуда тендер мәселесі де қызу талқыға түсті.

түрлі саладағы тақырыптар ортаға салынды
Түрлі саладағы тақырыптар ортаға салынды

Сайлаушылардың пікірінше, мемлекет жеке сектормен әріптес болу керек. Сонда мемлекеттік сатып алу мәселесі дауға айналмайды. Ал тұтынушылар тарапы коммуналдық қызметтердің қымбаттығын алға тартты. Сол секілді қоғамдық ұйым өкілдері денсаулық, білім саласына инвестиция салғандарға жеңілдіктер қарастырылуы тиіс екендігіне де тоқталды.

Сондай-ақ елдегі демографиялық ахуалды түзеудің, жаңа босанған аналарға жәрдемақы көлемін ұлғайтудың, көші-қон жөніндегі заңды қайта қараудың қажеттілігі туралы ұсыныстар айтылды. «Қолжетімді баспана салу үшін кәсіпкерлер арасындағы бәсекелестікті күшейткен жөн» деп есептейтіндер тұрғын үй нарқындағы жүйесіздерді де ортаға салды.

Азат Тұрлыбекұлы қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзекті мәселелерге қатысты өз ой-пікірлерін білдірді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_7jbbrDqmZc[/youtube]