Еліміздің үздік гимнасшылары Шымкентте Әлем чемпионатына дайындалуда

351
Бұл - еліміздің көркем гимнастикадан топтық жаттығуларда үздік командасы.
Бұл - еліміздің көркем гимнастикадан топтық жаттығуларда үздік командасы.
Бұл – еліміздің көркем гимнастикадан топтық жаттығуларда үздік командасы.

Осыған дейін Азия чемпионатында ептілік танытқан бұл жастар Қазақстанның атынан Әлем чемпионатында өнер көрсетпек. Мұндай аренаға олар алғаш рет шыққалы тұр. Сол себепті де бағдарламадағы әр қимылды дұрыс орындау үшін сағаттап еңбек етуде.

Жас гимнасшыларға әлем чемпионатында ел намысын қорғау оңай болмасы анық. Ұлттық құраманың бас бапкері Алия Юсупова да олардың алдына нақты жоспар қойып отырған жоқ. Қазіргі таңда ең бастысы тәжірибе жинақтап, алдағы Олимпиадаға дейін шеберліктерін шыңдау болып отыр.

Айдана ел намысын Евразия ойындарында қорғайды
Айдана ел намысын Евразия ойындарында қорғайды

Ал Айдана Сарыбай болса жасөспірімдер арасындағы Евразия ойындарынде ептілігін сынға салатын болады. Еліміздің үздік гимнасшысымен бірге оңтүстіктен Сабина Әшірбаева да бұл додаға дайындалуда. жерлестеріміз бұл жолғы байрақты жарыста жүлделі болуы тиіс деп үміттенеді Алия Юсупова.

Әлем чемпионаты Киевте тамыздың 29-ына жалауын көтерсе, Евразия ойындары Алматыда қыркүйектің 15-не басталады.

Әлия Юсупова, Көркем гимнастикадан Азия чемпионы, көркем гимнастикадан Ұлттық құраманың бас бапкері
Әлия Юсупова, Көркем гимнастикадан Азия чемпионы, көркем гимнастикадан Ұлттық құраманың бас бапкері

Алия Юсупова, көркем гимнастикадан ҚР құрама командасының бас бапкері: «Елімзде көркем гимнастикадан көш басшы Анна Алябьева жаттығуын тоқтатқаннан кейін, дәл осы жастар ел үмітін арқалап жүр. Әрине, әзірге олар жас. тәжірибесі де аз. дегенмен басқа шара жоқ. Бұл жолғы Әлем чемпионатында олар тәжірибе жинақтап қайтса да жаман болмас. Олимпиадаға қатысқан Анна Алябьеваның өзі 15-орынды ғана жеңе алды. Ол дегеніміз, бұл жастар үшін тіпті қиын болады. Оның үстіне бұл жолғы Әлем чемпионатында қазақстандық төреші әділдік етпейді. Ол да болса біздің жағдайымызды қиындатып отыр. Ал Евразия ойынында біздің екі бойжеткен жүлделі болады деп ойлаймыз. Дайындығы да жақсы. Жасөспірімдер арасында оңтүстіктің спортшысы Сабина Әшірбаева да болады».