Сасық су қолқаңды қабады

318
сасық су ауланы алып барады

Үй маңындағы сасық су қолқаңды қабады. Пәтер жалдап тұратын жезөкшелерден де тыныштық жоқ. Осылай деп шағымданған Шымкенттегі Республика даңғылындағы 19-шы үйдің тұрғындары арнамызға хабарласты. Үй түбіне тоғандап жиналған сасық су тұрғындардың төзімін тауысқан. Тұрғындар оны үйдің 1-ші қабатында орналасқан медорталықтың жауапсыздығынан көріп отыр.

Тәліп Тілемісов, үй тұрғыны: «Сасық судың ағып жатқанына біраз болды. Медорталыққа айтқамыз да, арнайы кәріз жүйесіне жіберсе де болады ғой қалдық суды. Құбыр жарылған деп те сылтауратып еді. Иісі адам төзгісіз».

Осы мұңын талай рет әкімдікке шаққан тұрғындар әлі жауап күтіп жүр. Ал, «мұндай шағым түспеген» деген әкімдік өкілдері тілшілердің тел. қоңырауынан кейін мәселенің себебі анықталғанын айтады.

Мырзахан Керімбеков, әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары: «Біз бұл мәселе бойынша, тұрғындардар телефон қоңырауы түсе саласымен тексеріп барып қайттық. Ағып жатқан су медорталыққа қатысы жоқ екені анықталды. Сол маңдағы балабақшадан келген су құбыры жарылған. Соның салдарынан су  жиналып, тұрғындардың мазасын алған да сол. Әдейі мамандарды апарып,  орын алған олқылықтың орнын толтырдық».

сасық су ауланы алып барады
сасық су ауланы алып барады

Тұрғындардың тыныштығын бұзған тағы бір мәселе, бұл үйде пәтер жалдап тұратын жеңілжүрістілердің жыры. Түнде берекеміз кетеді дейді олар. Жезөкшелерге жиналған бозөкпелер есіктің алдын қоқысқа толтырып кетеді. Ол аздай, жазғы демалыста жүрген ойын баласы теңгертең ауладан табылған күйекқаппен ойнайды.