Қала қысқа дайын ба? Шаһар басшысы Дархан Сатыбалды осы сауалға жауап іздеді. «3-ші Жылуэнергоорталығына» қарасты қазандықтарды аралаған әкім сығымдау жұмыстарының нәтижесіне куә болды.
Шаһар басшысы алдымен жылу қазандықтарындағы жағдайды бақылады. «3-Энергоорталығына» қарасты Сайрам шағынауданындағы 3-ші қазандық пен «Спортивный» шағынауданындағы К-24 қазандығын көрді. Қала бойынша «3-жылуэнергоорталығына» 5 жылыту қазандығы қараса, соның дерлігінде де іс 80 пайызға біткен.
«3-ші энергоорталықтан» жылу алатын 1800-дей көпқабатты үйдің 500-і қазір қалалық жылу жүйесіне қосылып үлгерді дейді серіктестіктің бас инженері. Ендігі күш үлкен магистральді жылу құбырларын ұлғайтуға жұмсалып жатса керек. Ол үшін қазына 1.млрд.-тан аса теңге бөлініпті. Былтыр бұл жұмыстар үшін 740 млн.дай қаржы қаралған-тын.
Қыдырәлі Насибов — «3-Энергоорталық» АҚ-ның бас инженері: «Ілияев көшесін істеп жатырмыз. Ол жерде 2,7. Екі еселегенде 5,4. шақырым жердің диаметрі 500-дік трубаларын 600-ге ауыстырып жатырмыз қазір. Ол бізге гидравликаны жөнді болады. Сосын Сухэбаторда бастап жатырмыз. Тамыздың ішінде боламыз. Ол да мына Восток , күншығыс шағынауданынан шағым түсіп жатқан қыстыкүні перепат жоқ деп. Сол жағы тәуір болады. Перепатты жөндеп, соны жөндеуге кірістік бүгіннен бастап».
Дархан Сатыбалды, қала әкімі: «Бір ай бұрын «3-Энергоорталықтың» жұмысын бақылағанымызда жалпы дайындық 10пайыз-ақ еді. Қазір 30 пайызға жеттік. Кестеден аздап қалып барамыз. Бірақ тамыз айында оны да қуып жетіп, одан әрі қарай озып кетеміз деп ойлап жатырмыз».
Мамандардың сөзінше, шаһар бойынша сығымдау жұмыстары біткен. Қазір ондағы ауа қысымы шкала бойынша 7-ні көрсетіп тұр. Бұл қалыпты жағдай дейді. Ал қаланың жылу маусымына дайындығы 1 қазанда толық аяқталады екен.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7riC25zpZd8[/youtube]