Шымкентте қызын қорлаған ана сотталды

318
Фотосурет ғаламтордан алынды

Шымкентте ВИЧ-позитивті қызын қорлаған ана сотталды. Бүлдіршінді асырап алған 50 жастағы әйел 4 жылға бас бостандығынан айрылып отыр. Ол енді жазасын жалпы режимдегі түрмеде өтейді. Бұл туралы жасы кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған соттың төрағасы Серікбай Төлепбергенов мәлімдеді.

Фотосурет ғаламтордан алынды
Фотосурет ғаламтордан алынды

Осылайша айыпталушы сот залынан қамауға алынды. Ал оның асырап алған екі бүлдіршін балалар үйіне өткізіледі. 8 жасар қыз осы сот процесі басталғаннан бері «Ана мен бала» орталығының қамқорлығында. Оны асырап алған әйелге қылмысты кодекстің бірден 3 бабы бойынша қылмысты іс қозғалған болатын. Алайда мемлекеттік айыптаушы екі бапты ескермей, жаза тек бір бап бойынша тағайындалды. Айта кету керек, бұл сот жабық өтті.