Жас жігітті өлтіргендерге сот үкімі шықты

405
Айыпталушылар

Шымкентте кісі өлтірген деген күдікпен қамауға алынған үш ағайнды жігітке сот үкімі шықты. Сот процессіне қатысқан алқабилердің шешімінен соң сотталушының екеу бостандыққа шығарылды. Тағы бір жігіт енді он жылын қатаң тәртіптегі түрмеде өткізетін болады.

Айыпталушылар
Айыпталушылар

Қанды оқиға осы жылдың ақпан айында орын алған. Жетісай қаласындағы дәмханалардың бірінде бір топ жігіттермен сөзге келген ағайынды үшеудің бірі ашу үстінде бір азаматты орындықтың аяғымен сабап тастайды. Соның салдарынан жәбіреленуші оқиға орынында көз жұмған. Содан кейін қолға түскен ағайындыларға қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ сот отырысында алқабилер үшеудің екеуін кісі өлтірді деген айыптан ақтау керек деп шешті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=8YMMeGRkJq8[/youtube]

Үш күдіктінің екеуі бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, олар үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды. Ал кісі өліміне қатысты бауырлардың бірі тиісті жазасын алды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=BsDj92Io14g[/youtube]

Сот отырысынан кейін айыпталушылардың екеуінің қолынан кісен шешіліп, сот залында босатылды. Енді олар арнайы бақылауда болады. Ал абақтыға он жылға жабылған жігіт жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейтін болады. Айта кету керек, осы төбелеске қатысқан екінші топтың мүшелеріне қатысты да бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалған. Олардың мәселесі Мақтаарал аудандық сотында қаралып жатыр.