«Әділет органдары кеңес береді» акциясы басталды

372
Іс-шара барысы

Елімізде «Әділет органдары кеңес береді» республикалық акциясы бастауын алды. Соның аясында 17-қыркүйекте «НұрОтан» ХДП ғимаратында облыстық әділет департаменті партия мүшелерімен бірге іс-шара өткізді. Жылжымайтын мүлік орталығы, нотариалды палатар мен адвокаттар алқасының өкілдері ,халыққа қызмет көрсету орталығы мен жастар саясаты басқармасының мамандары азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Мұндай іс-шара енді облыстағы ірі кәсіпорындар мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұйымдастырылмақ. Акция барысында азаматтарға қолданыстағы  заңдар, актілер бойынша түсініктеме де беріледі.

Іс-шара барысы
Жиналғандарға тыңғылықты ақыл-кеңес берілуде

Берік  Тыныбеков, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша әділет департаменті басшысының орынбасары: «Әділет органдары кеңес береді» акциясы аясында іс-шаралар әр тоқсанда бір рет ұйымдастырылса, сұранысқа сәйкес айына бір-екі рет өткізілуде. Іс-шараның барысында азаматтарға өздерінің құқықтары жайлы кеңес беріледі. Бүгінгі шараға қатысты айтсам, сұрақтардың басым бөлігі жер телімін, мүлікті рәсімдеуге, некеге тұру, балалардың құжаттарын алу сияқты мәселелерге қатысты болды. Осында арнайы шақырылған мамандар барлық сұрақтарға жауап беруге тырысты. Олардың құзыретіне кірмейтін сұрақтар бойынша тиісті органдарға хаттар жолданды.»