Аралда қалғандай күй кешкен самалдықтар (бейнекадрлар)

308
Соңғы аялдамаға келіп қалған сирек автобустың бірі

Шымкенттегі «Самал-3» шағынауданындағы Алпамыс батыр көшесінің тұрғындары далада қалғандай күй кешіп отыр. Қала аумағында бола тұра орталыққа қатынайтын қоғамдық көлікке зәру ағайын 93-ші бағыттағы автобустың қызметіне көңілі толмайды. Олардың айтуынша, автобус соңғы аялдамаға дейін бармай, жолаушыларды жолдан түсіріп кетеді екен.

Соңғы аялдамаға келіп қалған  сирек автобустың бірі
Соңғы аялдамаға келіп қалған сирек автобустың бірі

Алпамыс батыр көшесі – «Самал-3» шағынауданының соңғы жағында. Сол себепті болар, мұнда автобустар келуді қойған. Ілуде біреуі жылт етіп қуантып қояды. Салдарынан аялдамада алаңдап автобус күткен жерлестеріміз көбінде жаяу жүруге мәжбүр.

Айтуларынша, № 6 емханадан кері қарай қайтып кететін автобустар мен жолаушылар аарасындағы текетірес тыйылмай келеді. Тіпті, «жүргізушілер жолаушыларға қоқан-лоққыны жиі көрсетеді» дейді ашынған халық.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=HNek8vG8G5Q[/youtube]

№ 93 бағыттағы осындай былықтан қала әкімдігінің мамандары да хабардар. Бұған дейін де ескерту алып, айыппұл кесілген компаниямен енді келісім-шартты бұзуға дейін барамыз деп ағынан жарылды шенеуніктер.

Осыдан екі жыл бұрын бюджеттен 22 миллион теңге бөлініп, автобустардың бағыттарды жүрісін бақылау үшін GPS қондырғылары орнатылған. Өкінішке орай, ол қондырғылар тиісті мақсатында жұмыс жасап, пайдасын тигізе алмай отыр.