Шымкентте автокөліктерге ұрлыққа түсіп жүрген жігіт қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Әл Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері 23 жасар жігітті ұстады. Оған бірнеше көлікке ұрлыққа түскен және Опель Вектра көлігін рұқсатсыз мініп кеткен деген айып тағылып отыр.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ұры тек түнде әрекет етіп келіпті. Қараусыз қалған көліктердің терезесін ұрып сындырып, ішіндегі ақша мен құнды заттарын үптеп отырған. Полицейлер күдіктінің үйінен айғақты зат ретінде өзі қолданып жүрген темірді тәркілеп алды. Оның ұрлығынан көлік иелеріне келген шығынның көлемі 1 миллион теңгеден асып кетеді. Бір айта кетерлігі — сезікті жігіт бұған дейін де сотты болған.