Білім және ғылым министрі ауысты

436
Жаңа білім және ғылым министрі - Аслан Саринжипов

Қазақстанда білім және ғылым министрі ауысты. Тиісті бұйрыққа мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

Жаңа білім және ғылым министрі - Аслан Саринжипов
Жаңа білім және ғылым министрі – Аслан Саринжипов

Жаңа білім және ғылым министрі болып Аслан Саринжипов тағайындалып отыр. Бұған дейін ол «Назарбаев Университеті» АҚ атқарушы кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

Бұған қоса Елбасының бұйрығымен Бақытжан Жұмағұлов білім және ғылым министрі лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметті 2010 жылдың қыркүйек айынан бері атқарып келген болатын.