«Еламед» сауда-көрмесіне келіңіз

343
"Еламед" үй дәрігері құрылғыларына сұраныс артып жатыр
"Еламед" үй дәрігері құрылғыларына сұраныс артып жатыр
«Еламед» үй дәрігері құрылғыларына сұраныс артып жатыр

Медициналық жабдықтар шығаратын «Елатом» зауыты жаңа физиотерапиялық құрылғыларды ұсынады. Солардың көмегімен үйде отырып-ақ, алысқа сабылмай, аурудан айығуға болады. 3-6 қыркүйек аралығында осы медициналық құралдардың көрмесінен зауыт бағасымен сатып алуға мүмкіндік бар.

Жасы 75-тен асқан София Нұрбекова екі тізесі бастырмай, таяққа сүйеніп жүруге мәжбүр. Ескірген таяғын ауыстыруға «Медтехника» дүкеніне келгенде «Еламед» медициналық құрылғыларын көріпті. Мұндағылар әжейге 49 ауруға ем «Алмаг – 01» құрылғысын ұсынады.

София Нұрбекова, зейнеткер: «Таяғымды ауыстырамын деп келіп едім, мұндағы қыздар аяғымды жазып берем дейді. Риза болып отырмын соған. Ем болсын дейміз ендеше».

Магнитті-терапиялық құрылғы- «Алмаг – 01» артрит, неврология, көк тамырдың кеңеюі, тіс ауруы, күйік, тірек қозғалыс ауруларына ем. Одан басқа мұнда тамақ, мұрын ауруларын емдеуде қолданылатын «Теплон» мен «Фея» құрылғысы шығарылады. Ол суықтап қалсаңыз өзіңізді де, балаңызды да емдейді. Әсіресе, сәбилер үшін таптырмас құрал.

Роллан Әбдуәлі, қала тұрғыны: «Күз бен қыста жас балалардың жиі суықтайтыны бар. 5-10 мың  теңгеге дәрі алғанша мына құралды алған жақсы сияқты. Себебі дәрінің зияны көп. Ал мына құралдың қызметі көп екен. Бағасы да қалтаға қолайлы».

Сан түрлі дерттің алдын алатын аспаптардың бірі – «МАВИТ». Емдік құралдың көмегімен қуық жолдары дертінен құтыласыз. Простатит, уретропростатит, геморройды мәңгігіе ұмытуға болады. Құрылғыларды дәрігердің рұқсатынсыз-ақ алуыңызға болады.

Наталья Корабельникова, сатушы маман: «Уақытыңызды үнемдеу үшін, емдеу мекемелеріне сабылмас үшін үйде емдеуге арналған бірқатар құрал ұсынып отырмыз. 12 жылдан бері осы емдік аппараттарымызды тұрғындар пайдаланып келеді».

Зауыт шығарған құрылғыларды өз бағасына сатып аламын десеңіз, 4 күн бойы өтетін сатылым көрмесіне асығыңыз. Үйде отырып-ақ, дерттерді емдеуге мүмкіндік беретін құрылғыларды Байтұрсынов көшесі №19 үй, спорт сарайына қарама-қарсы орналасқан «Зерде» дәріханасынан және Электрон аялдамасындағы «Медтехника» дүкенінен таба аласыз.