Футболдан Әлем чемпионатына іріктеу басталды

243

Қазақстанның футболдан қыздар ұлттық құрамасы Шымкентте шеберлігін шыңдады. Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің алғашқы ойынына дайындықты Оңтүстікте өткізу жоспарланған. Ал матчтың өзі елордамыз Астанада өтеді. Қыздарымыз қыркүйектің 21-іне «Астана Аренада» Финляндияның аяқдопшыларымен кездессе, араға төрт күн салып франциялық бойжеткендермен жасыл алаңға шығады.

 

Бегайым Қырғызбаева - команда капитаны
Бегайым Қырғызбаева – команда капитаны

Осынау жауапты екі кездесудің алдында қыздар құрамасы футболшылары жасыл алаңда Шымкенттің ерлер командасымен кездесті. Алғашқы таймда нәзік жанды футболшылардың қақпасына бір доп соғылды. Екінші таймда алаңға құраманың қосалқы футболшылары, есеп 4:0-ге дейін жетті.

Ұлттық құрама сапында шымкенттік футболшылар да бар. Солардың бірі – Бегайым Қырғызбаева құрама капитаны. «Қазығұрт-БИІК» командасының ойыншысы құрама сапында бұған дейінгі Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысқан болатын. Енді осы жолғы сыннан сүрінбей өтетіндеріне сенімді.

Ал команданың бапкері Калоян Петков алдағы екі бірдей матчта жеңіске жету шәкірттеріне оңай болмасын айтады. Өйткені, қыркүйектің 25-і күні бізідң қыздар Европа чемпиондарымен доп тебеді. Франциялық бойжеткендер қазіргі таңда осы топта көш бастап келе жатыр.