«Нұр Отанның» кезекті конференциясына Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясынан 10 делегат сайланды

504
"Бедел" бастауыш партия ұйымының жиналысы

Осыдан төрт жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында «Бедел» бастауыш партия ұйымы құрылған болатын. Бүгінде партия біраз жетістіктерімен мақтана алады. «Нұр Отан» партиясының саясатын жергілікті жерлерде жүзеге асыруда атқарған жұмыстардың қорытындысы бойынша «Бедел» былтыр облыста үздік болып танылды. 600-ден астам мүшесі бар бастауыш партия ұйымның мақсаты да, бағыты да айқын.

Оңтүстік қакзақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында  632 нұротандық бар.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында «Нұр Отан» партиясының 632 мүшесі бар

 Мұхит Қарсақбаев, ОҚМФА тәрбие ісі бөлімінің маманы: » Білімімізді шыңдап, еліміздің өркендеуіне атсалысамыз. Білім беруде жаңа озық технологиялар мен инновацияларды пайдалануға әрекет жасаймыз. Дамыған 3о елдің қатарына ену үшін аянбай еңбек етеміз.»

Аталмыш жоғарғы оқу орнына жүктелген міндеттердің бірі – медицина саласына қажетті мамандарды даярлау. Оны жүзеге асыру мақсатында оқу барысында әлемдік тәжірибелер кеңінен пайдаланылуда. Мемлекеттің болашағы саналатын бүгінгі жастардан білікті азамат пен сапалы маман дайындау – басты мақсат.

 Бердіқұл Сыдықов, «НұрОтан» ХДП мүшесі: » Қазір сіздерге барлық жағдай жасалған. Сол мүмкіндіктерді жіберіп алмай, оқуда үздік болыңыздар. Оқығандарыңыз зая кетпейді, болашақта жан-жақты әрі білікті маман болуларыңызға көмектеседі. Армандарыңызға жете беруілеріңізге тілек білдіре  отырып, бағыттарыңыздан тайынбаңыздар демекпін.»

"Бедел" бастауыш партия ұйымының 10 делегаты  қалалық "Нұр Отан" партиясының 21 конференциясына қатысады
«Бедел» бастауыш партия ұйымының 10 делегаты қалалық «Нұр Отан» партиясының 21-конференциясына қатысады

Алдағы уақытта фармацевтика академиясының бастауыш ұйымының атынан 10 делегат қалалық «НұрОтан» партиясының 21-ші конференциясына қатысатын болды. Сайланғанғандар «Беделдің» абыройын асқақтатынына сенімді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Vffe325y3MA[/youtube]