Таяуда Шымкент тұрғындарының бірі тәртіп сақшыларымен төбелесіп қалып, погонын жұлып алды. Бұл келеңсіз жағдай қаладағы көшелердің бірінде орын алған. Жол полицейлері кезекті рейд өткізіп жатқан сәтте қарсылыққа тап болады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=DQH_t32CFWM[/youtube]
Жүргізушінің құжатын тексеру кезінде полиция қызметкеріне көліктегі жолаушы жігіт тап береді. Тәртіп сақшысының айтуынша, бұзақылық көрсеткен жігіт ағасы мойнын қылғындырып, погонын жұлып алыпты. Осы уақыттың аралығында жүргізуші қашып кетеді. Ал тәртіп сақшысына қол көтерген азамат ұсталып қалады. Ол ішіп алған болып шықты.
Сыра ішіп алғанын өзі де мойындаған күдікті азамат полиция бөліміне жеткізілді. Енді оның үстінен билік өкіліне қол көтергені үшін қылмыстық іс қозғалуы әбден мүмкін.