Сарыағашта оқушыны атып өлтіргендер сотталды

193
Айыпталушылар

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта 4 жас жігітке үкім оқылды. Олардың біріне мектеп оқушысын атып өлтірген деген айып тағылса, қалғандары қылмыскердің сыбайластары деп айыпталып отыр.

Айыпталушылар
Айыпталушылар

Еске сала кетсек, қанды оқиға наурыз айында Сарыағаш ауданында болған. Айыпталушылар жергілікті оқушылардан ақша бопсалаған. Олар талаптан бас тарқан кезде бопсалаушылар жеткіншектердің үйіне дейін барады. Сол жерде екеуін шолақ мылтықпен атып, жаралаған. Салдарынан оқушылардың бірі ауруханада мерт болды. Енді басты айыпталушы 16 жылға темір торға қамалды. Қалғандары 6 жылдан арқалап кетті.