Шымкентте триатлон дамып келеді

372
Триатлоншылар велосипед тебуде де шеберлік таныта білуі тиіс

Шымкенттің үш сайыстан шебер танылған спортшылары ел біріншілігінен 3 алтын, екі күміс және екі қола медальмен оралды. Жасөспірімдер арасындағы дода Қостанайда өткен болатын. Бұл жолы Ерболат Жақсыбаев, Семен Пиваваров және Анастасия Бабина үздік танылды. Олар 750 метрді алдымен жүзіп өтіп, кейіннен 20 шақырым жолды велосипед теуіп бағындырды. Соңында 5 шақырым қашықтыққа жүгірді.

Триатлоншылар велосипед тебуде де шеберлік таныта білуі тиіс
Триатлоншылар велосипед тебуде де шеберлік таныта білуі тиіс

Cпорттың бұл түрінен облысымыздың аға бапкері Дандыбай Әлімбаевтың сөзіне сенсек, өткен жылға қарағанда биыл шымкенттіктер шеберлік танытқан.

Дандыбай Әлімбаев, триатлон бойынша ОҚО аға бапкері: «Оңтүстік құрамасының спортшыларының деңгейі біршама өскені байқалады. Осыған дейін алтын медаль жеңіп алу қол жетпестей болып көрінсе, бүгінде үш бірдей шәкіртіміз жеңіс тұғырынан көрініп отыр. Жақсы нәтиже.»

Бұл жолы жерлестеріміз 750 метрге жүзді
Бұл жолы жерлестеріміз 750 метр қашықтыққа жүзді

Енді жерлестеріміз дуатлон бойынша Қазақстан чемпионы атануды көздейді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жаттығып та жүр. Ел біріншілігі қазан айында Көкшетауда өтеді.