Úı ANONS Қазақша күрестен ел чемпионаты басталды

Қазақша күрестен ел чемпионаты басталды

Шымкентте ересектер арасындағы қазақша күрестен ел чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Үш күнге созылатын жарысқа 481 спортшы қатысып жатыр. Қатысушылардың айтуынша, бұл чемпионат 2026 жылы Бакуде өтетін Әлем чемпионатына дайындық ретінде маңызды мүмкіндік береді. Ал сайыс қорытындысы бойынша еліміздің бас бапкерлері ұлттық құраманы анықтайды.

 

Зәмзәгүл Файзуллақызы, Қазақша күрестен спорт шебері: «Жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Оқу жаттығу жиынын өттік осы Шымкент қаласында. Енді жеребені комп лақтырғаннан кейін Шымкент қаласының қызымен белдесуге тура келді. Енді бұл жарыс. Бозкілем өзі көрсетті кімнің жеңімпаз екенін. Әрбір спортшылының арманы ғой, себебі осы жерден шыққандар әлем біріншілігіне, азия ойындарына және көшпенділер ойындарында өнер көрсететін болады»

Лаура Бабас