Úı Sport Шымкенттік дзюдошы Әлем Кубогіне қатысады

Шымкенттік дзюдошы Әлем Кубогіне қатысады

Азамат Қыпшақбаев

Дзюдошы Азамат Қыпшақбаев бүгінде жекелей жаттығу режиміне көшкен. Облысымыздың негізгі құрамынан тыс дайындалуда. Өйткені жерлесіміз енді самбо емес, дзюдо Гран-при жарысына қатысуды жоспарлап отыр. Осыған дейін құрлық чемпионы атанған Азамат енді Алматы қаласына жоспарланған турнирде жүлделі болуды көздейді.

Азамат Қыпшақбаев
Азамат Қыпшақбаев

 Азамат Қыпшақбаев, самбодан Азия чемпионы: «Қазір турнирге дайындалып жатырмын. Жуырда ғана командалық оқу-жаттығу жиыны аяқталған еді. Гран-приге толық дайынмын деп айта аламын. Дегенмен қарсыластарымды жеңу үшін жаттығуларда аянбай тер төгу қажет. Оны мен де, бапкерім де жақсы түсінеміз.»

Азамат пен оның бапкерінің басты мақсаты — 2014 жылы Бразилияда өтетін Олимпиадаға жолдама жеңіп алу. Оңтүстік астанада өткелі жатқан турнирде Олимпиадаға алғашқы ұпайлар ойнатылады. Сол себепті де Азамат осы жолы татами төрінде бар шеберлігін танытуы тиіс.