Тұрсынбек тағы алдады! Көпшілікке танымал Тұрсынбек Қабатов емес, шымкенттік Тұрсынбек. 22-қыркүйек күні Халықтар Достығы үйінде өтуі тиіс Ринго тобының концерті өтпей қалды. Кей мәліметте ұйымдастырушы билеттерді өткізе алмай, Ринго тобымен келісілген гонарарын жинап бере алмаған. Естеріңізде болса, аталған топтың Шымкенттегі концерті алдымен осы айдың басында өтуі тиіс болатын. Алайда, дәл осындай жағдай орын алғандықтан шара кейінге қалдырылған еді.
Осы Тұрсынбектің фамилиясын концерттік залды жалға берген Халықтар Достығы үйінің әкімшілігі де білмейтін болып шықты. Танымал әншілер келмеген соң, сатып алынған билеттердің ақшасы халыққа қайтарылып берілді. Ұйымдастырушы — тылсым Тұрсынбек 700-дей билеттің 40 данасын Достық үйінің кассасында қалдырып, қалған билеттерді өзі алып кетіпті.
Топтың продюсері Алуа Қонарова алдағы уақытта Шымкенттік көрермендерге жақсы концерт қойып беретінін уәде етті. Тек оның уәде күйінде қалмасына уақыт куәгер.