Қаламгер Саттар Ерубаевтың құрметіне ескерткіш ашылды

1164
Саттар Ерубаев құрметіне мектептен ескерткіш ашылды

«Жалындап өткен жас ғұмыр». Шымкентте осындай тақырыпта қаламгер Саттар Ерубаевтың шығармашылығына арналған ғылыми-семинар өтті. Қыршынынан қиылған ақынның атына берілген мектепте өрбіген шараға зиялы қауым өкілдері мен мектеп ұжымы қатысты. 

Мектеп оқушылары зияткерлік ойынға қатысты
Мектеп оқушылары зияткерлік ойынға қатысты

 Ғылыми семинар алдымен Саттар Ерубаев атындағы мектеп оқушыларының зияткерлік сайысынан бастау алды. Қойылған сауалдар қаламгер өмірі мен шығармашылығынан арнайы дайындалған. Бірақ ойынға қатысушылар тұрмақ, көрермен шәкірттер де жазушының еңбегін жаттап жүр.

Мәрия Мұратова, С.Ерубаев атындағы №24 мектептің оқушысы:»Саттар Ерубаев 1914 жылы Түркістанда дүниеге келген. Ол жастайынан өте зерек, білімге құштар болған. Тіпті жасынан ізденімпаздығы соншалықты,  үйінен оқуға қашып та кетіпті. Біз оның қазіргі кезде «Үш шахтер туралы баллада», «Менің құрдастарым» романы – осылардың барлығын жатқа білеміз».

Саттар Ерубаев құрметіне мектептен ескерткіш ашылды
Саттар Ерубаев құрметіне ескерткіш ашылды

Айтулы шара аясында жазушы Саттар Ерубаевтың құрметіне арналып осы мектептен ескерткіш ашылды. Тасбейнедегі қолтықтаған кітабын көріп-ақ, ақынның өмірі мен өлеңінің егіз екенін аңғаруға болады. Ал саттартанушы қаламгерлердің айтуынша, Саттар ақын небәрі 23 жылдық ғұмырында әдебиет әлемінде өз қолтаңбасын қалдырып үлгерген.

Әдіһәм Шілтерханов, саттартанушы, жазушы: «Оның романдарында музыканың элементтері қосылған, бірінші өмір туралы, екінші өмір сүру туралы деген сияқты. Сондай музыкалық стильдері бар. Ол өзі музыканы түп-тереңін түсінген адам ғой».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7ehrzDNbw5Q[/youtube]

Ғылыми-семинар ақынның өмірінен сыр шертетін естелік-көріністердің қойылуымен тәмамдалды. Ортаға шығып, ақынға арнау оқыған шәкірттер де табылды. Айта кетейік, бүгінде осы Саттар Ерубаев атындағы №24 мектепте 1000-нан аса шәкір білім алып жүр. Ал келер жылы мектеп ұжымы Саттар Асқарұлының 100 жылдығын кең ауқымда атап өтпек.