Өзін зорламақ болған еркекті өлтіріп тастаған әйел ұсталды

290
Оқиға осы үңгірдің ішінде болған

Шымкентте кісі өлтірген әйел қолға түсті. Әл Фараби полиция бөлімінің кезекшілеріне хабарласқан адамдар Қошқарата өзенінің жағасында белгісіз кісінің мәйіті жатқанын айтады. Оқиға орнына шұғыл-тергеу тобы аттанған. Олар марқұмның 64 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтайды. Ол басынан тиген ауыр соққы салдарынан мерт болған. Осы қылмыс бойынша күдікті іздестіріле бастайды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=iFd6K1ii4ZM[/youtube]

Қолға түскен азаматша – 33 жастағы келіншек. Шымкентте тұрады. Бұған дейін бірнеше рет сотты болған. Айтуынша, қанды оқиға сол күні марқұм екеуі спирттік ішімдік ішіп отырған кездегі ерегістен басталыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mEJC1G1orgI[/youtube]

Қолға түскен азаматшаның айтуынша, марқұм арақ ішкен соң өзін зорламақ болыпты. Содан қашып, қорғанамын деп жүріп, қолына ілінген таспен ұра бергенін айтады.

Криминалистер оқиға болған үңгірдің ішінен ауыр тасты тауып алды, Оған қоса сезіктінің үйінен қан дақтары бар киімдер табылды. Оларыдң барлығы айғақты зат ретінде тәркіленді. Қазір кісі өлтіру әрекетіне байланысты қылмысты іс қозғалды. Күдікті келіншек қамауда жатыр.

Оқиға осы үңгірдің ішінде болған
Оқиға осы үңгірдің ішінде болған