Бұзақылықтың жолын кесуде заманауи бағдарламалар көмектеседі

Желі жылдамдықты арттырудан бөлек, сурет, бейнебаян тіпті, дыбысқа дейін жіберу қызметін атқарады
Желі жылдамдықты арттырудан бөлек, сурет, бейнебаян тіпті, дыбысқа дейін жіберу қызметін атқарады
Соңғы уақытта What’s Up бағдарламасының қолдану аясы кеңіп барады 

Оңтүстіктегі құзырлы органның мамандары құқық бұзушылықтың алдын алуда соңғы жетістіктерді кеңінен пайдалануға кірісті. Нақты айтқанда, Шымкенттегі Әл Фараби ауданының прокурорлары білім ошақтарында бұзақылықты болдырмау үшін жұмыс жүйесіне Whats App ғаламтор желісін енгізді. Whats App-та құрылған арнайы «чаттың» арқасында таяуда ғана бір мектепте оқушылар арасында орын алғалы тұрған жаппай төбелес тоқтатылды.

№ 75 мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Салтанат Амангелдиеваның күндегі міндеті – мектептегі қуыс-қуысты бейнебақылау камерасымен барлап, бұзақылықты болдырмау. Енді ұстаздың қызметін жаңадан қосылған Whats App қызметі жеңілдетіп отыр. «Білім ошағында төбелес болады» деген сыбыс шыққаны сол екен, «жылдам хабар алғызатын» Whats App-тың көмегіне жүгіне қойды. Нәтижесінде, құқық қорғаушылар дереу бұзақылықтың жолын кеске.

Салтанат Амангелдиева, №75 мектеп директорының орынбасары: «Оқушылардың арасында ерегіс болайын деп жатқанын ескертіп, шұғыл топқа хабарластық. 33-87-28 сенім телефонына және де Whats App бойынша хабар бердік.»

Бұл бастаманы ұсынған – Әл Фараби аудандық прокурорының көмекшісі Нұрдәулет Рахынбаев. Ол аталмыш ауданға қарасты 25 мектептің жауапты мұғалімдерін  осы жүйеге қосып қойған. Айтуынша, Whats App-тың пайдасы ұшан-теңіз. Жылдамдықты арттырудан бөлек, адамдар осы бағдарламаның көмегімен сурет, дауыс, тіпті, бейнебаянға дейін бір-біріне жібере алады.

 Нұрдәулет Рахынбаев, Әл Фараби ауданы прокурорының көмекшісі: «Негізі, адамдар төтенше жағдайға куә болғанда 102 телефонына хабарласады. Яғни, полицияға. Одан әрі қарай тағы да уақытты алатын байланыстар жалғасады. Ал бұл жерде мысалы үшін мектеп директоры төтенше жағдай туралы мәлімет жазады. Бұл хабар шұғыл топқа жылдам жетеді.»

Құқыққорғаушылардың айтуынша, өткен жылдармен салыстырғанда жасөспірімдер арасындағы бұзақылық айтарлықтай азайған. Енді жаңадан қосылған жүйе келеңсіздіктің алдын алу мақсатындағы жұмысты одан әрі жемісті етуі тиіс. Әзірге белгілі бір төтенше жағдайдың болғалы жатқанын құзырлы органға тек мектеп директорлары ғана мәлімдей алады. Енді Whats App қолжетімді бола түсу үшін прокурорлар таяуда мектептердегі арнайы тақталарға Whats-up чатының нөмірін ілуді жоспарлап отыр.