900 адам жемқорлық жасаған

Облыстық прокуратура 10 айда атқарған жұмыстары жөнінде Бақ өкілдеріне баяндады

Бүгін облыстық прокуратура мамандары әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау саласында 10 айда атқарылған жұмыстар барысын жариялады. БАҚ өкілдеріне 9 бөліктен тұратын тексеру жұмыстары мен заңбұзушылық фактілері баяндалды. Құзырлы органның мәліметінше, 900-ден астам заң бұзушылық анықталып, 64 тұлға тәртіптік жауапқа тартылған. Дегенмен, прокуратура органдары қолданған шараларға қарамастан әлі де болса лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеті тыйылар емес.

Облыстық прокуратура  10 айда атқарған жұмыстары жөнінде Бақ өкілдеріне баяндады

Мақсат Машкалов, облыс прокурорының басқарма бастығы: «Облыс көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын бұзғаны үшін 90 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылса, оның 30-ы атқарып отырған қызметінен босатылды.»

Сонымен қатар, Еңбекші ауданы аумағында бір азамат құзыретті органдарда қандай да бір тіркеусіз діни насихаттау жүргізгені үшін оған сот қаулысымен айыппұл салынған. Сондықтан адамдар көп жиналатын орындарда арнайы бейнебақылау құралдарын орнату шаралары қолға алынып жатыр. Ал мектептерде оқушылар арасында бірін-бір бопсалау жағдайы да тыйылар емес. Осы уақытқа дейін осындай 5 факті анықталыпты.