Ірі көлемдегі контрабанда тәркіленді

219
Заңсыз тауарды тексеру сәті

Оңтүстіктің тәртіп сақшылары ірі көлемдегі заңсыз тауарды тәркіледі. Облыстық ішкі істер департаментіне қарасы ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлеріне Шымкентке ірі көлемдегі зат артып алған жүк көлігі келуі тиіс деген жедел ақпаратты алады. Осыған сай шұғыл іздестіру қызметкерлері тиісті әрекеттерін бастап жібереді.

Нәтижесінде қаладағы жүк қоймаларының бірінде тұрған шетелдік жүк көлігі табылды. Шұғыл қызметкерлер тауар түсіріліп жатқан сәтте сау етіп, кіріп барады. Жүргізуші – шетел азаматы көлікті сонау Түркиядан айдап әкелген.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=QazWgu6QesI[/youtube]

Анық болғаны, елімізге заңсыз әкелінген тауар жергілікті жекеменшік фирмалардың біріне жеткізілмек болған. Халықтың күнделікті тұтынуына арналған тауардың жалпы құны 20 мың АҚШ долларына жуық. Салмағы 5 тоннаға жететін тауарға жалған құжат толтырылған.

Заңсыз тауарды тексеру сәті
Заңсыз тауарды тексеру сәті

Қазір тауар мен жүк көлігі қамауға алынған. Тергеу-тексеру амалдары жалғасуда.